Ақылды ойындар туралы жарыстар

11.10.2021

28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында колледжде студенттер арасында шахматтан және тоғыз-құмалақ ойындарынан жарыстар өтті.

Іс -шараның мақсаты - жастар арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау, «Сұңқар» облыстық спартакиадасына қатысу үшін, мықты спортшыларды анықтау.

Шахматшылар арасында 1 орынды Зекирин Бекжан 296 топ студенті, 2 орынды Ерген Балахметов 3С тобының студенті, 3 орынды Семен Мергалиев 12 топ студенті иеленді.

Қыздар арасында тоғыз-құмалақтан мықтылар болды: 1 орын Тыштыкбаева Камила 236 топ студенті, 2 орын Турунцева Анастасия 361 топ студенті, 3 орын Логинова Юлия 337 тобаның студенті.

Ұлдар арасында 1 орынды Құрмашев Нұрлыбек 167 тобының студенті, 2 орынды Таев Қайсар 296 тобының студенті иеленді.

Жеңімпаздарға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная